Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Жүректе жатар, жадыңда жүрер жорықтар»
02.06.2020

Өлкетану әдебиеттері бөлімі Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына арналған «Жүректе жатар, жадыңда жүрер жорықтар» атты облыстық онлайн бір өлең және эссе байқауының қорытындысын шығарды. Байқауға еліміздің тарихындағы ерліктің үлгісі болған кезеңге арналған өз өлеңдерін немесе эсселерін оқыған авторлардың бейнероликтері қабылданды. Қатысушылардың арасында кәсіби әдебиетшілермен қатар поэзияны ұнатушылар да, педагогтар мен журналистер, аға буын мен жастар да болды. Қазылар алқасы мәтінді ғана бағалап қоймай, оның оқылуына, автордың шығармасының идеясын тыңдаушыға жеткізе алуын да бағалады.

Байқаудың қорытындысы бойынша бірінші орын Денисов к. тұрғыны Батырбек Қалиевке берілді.

Екінші орынға қостанайлық ақын Анатолий Корниенконың жұмысы лайық деп танылды.

Үшінші орынды бірдей балл жинаған бірнеше қатысушы бөлісті. Бұлар – Валентина Балашова, Гелуза Гильманшина, Ақмарал Нұрмұхамбетова және Виктор Румбах.

Анастасия Барч, Николай Ковтун және Валентина Мальцева Л. Н. Толстой ат. ҚОӘҒК алғыс хатын иеленді.

Қазылар алқасы байқауға қатысушылардың барлығының жұмысы сезімге толы, шынайы және жүрекке мұң ұялататын шығармалар болғанын атап өтті.

Жолданған барлық бейнероликтер кітапхананың «You Tube»https://www.youtube.com/channel/UCdeVEEp5yJ74ooE96arK9pA/videosарнасында және әлеуметтік желілерде орналастырылған.

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ