Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Мемлекеттік рәміздер – тәуелсіздік нышаны»
04.06.2020

Әмбебап оқу залы назарларыңызға еліміздің рәміздеріне арналған «Мемлекеттік рәміздер – тәуелсіздік нышаны» жедел көрмесін ұсынады. Кітаптар мен мерзімді басылымнан алынған материалдар тәуелсіз Қазақстан рәміздерінің жасалу тарихымен таныстырады.

Көрменің көрнекті жеріне «Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерінің қалыптасу тарихы = История формирования государственных символов Республики Казахстан» кітап-альбомы қойылған. Кітапта Мемлекеттік рәміздердің авторлары туралы материалдар, олардың рәміздердің нобайын қалай жасағандары туралы естеліктері берілген. Тәуелсіз Қазақстанның ресми белгілерін жасау жұмыстарына тікелей қатысқан Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың рөлі атап көрсетілген.

Көрмеге қойылған материалдарда тәуелсіз мемлекеттің тарихи дамуының, ойлауы мен философиясының ерекшеліктері, мемлекеттік рәміздердің мемлекетті халықаралық сахнада таныта алуының рөлі көрсетілген. Көрме ағымдағы айдың аяғына дейін жұмыс істейтін болады. 

Қарау үшін сілтеме бойынша өтіңіздер: https://www.youtube.com/watch?v=pUJCzrhOEVU

 

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus