Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Сапалы білім алуға қажетті барлық жағдай жасау»
06.08.2020

          Оқу жылының басталуы қарсаңында қала және облыс мұғалімдері үшін Әмбебап оқу залы «Сапалы білім алуға қажетті барлық жағдай жасау» атты педагогикалық тақырыптағы кітап көрмесінің бейнешолуын дайындады.

         Көрмеге еліміздің үздік педагогтарының озық тәжірибелері, ҚР Білім және ғылым министрлігінде әзірленген оқу-әдістемелік, нұсқаулық-нормативтік, ақпараттық-талдау материалдары қойылған мерзімді басылымдар қойылған. 

Көрмеге қойылған әдебиеттердің ішінде түрлі деңгейдегі басқарушыларға – барлық деңгейдегі жоғары оқу орындарының басшыларына, жоғары мектептің профессорлық-оқытушылық құрамына, сондай-ақ қызмет саласы білім беру сапасын арттырумен байланысты барлық тұлғаларға арналған Шолпан Мұртазқызы Қаланова мен Уәлихан Қозыкеұлы Бишімбаевтың «Тотальный менеджемент качества в высшем образовании» кітабы назар аударуға тұрарлық.  

Белгілі ғалым Бақытжан Жұмағұловтың «Человеческий фактор» кітабының бірінші томында тәуелсіздік жылдарындағы білім мен ғылымның барлық деңгейлерінің жай-күйі мен дамуының, әсіресе автор қатысқан осы саланың негізгі жаңғыруының аналитикалық көрінісі ұсынылған. Кітаптың екінші және үшінші томдары осы баяндауды сол жылдардағы нақты материалмен айтарлықтай толықтырады. Оқырман мұнда ғылым мен білім беру саласының мақсаттары, бағыттары мен болашақтары туралы құнды теориялық және практикалық материалдар таба алады.     

          Көрме студенттерге, оқытушыларға, мамандарға және біздің білім саласының болашағына қызығушылық танытушыларға арналған.

Қарау үшін сілтеме бойынша өтіңіздер: https://www.youtube.com/watch?v=H1QKvbAdi2I&t=146s


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ