Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
Лисаков ОКЖ кітапханалары күні
23.09.2020

22 қыркүйекте сағат 11-де онлайн режімінде Л.Н.Толстой ат. ОӘҒК жалғасып келе жатқан «Қостанай облысының орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің кітапханалар күні» жобасы бастау алды. Жоба 2018 жылдың 17 мамырында Л.Н.Толстой ат. ОӘҒК басталған болатын. Осы уақыт ішінде облыстың басты кітапханасының алаңдарында 13 аудандық ОКЖ өз жұмыстарын жұртшылықтың назарына ұсынды.

2020 жыл жобаға өзінің өзгертулерін енгізді, енді жоба онлайн режімінде жалғасатын болды. Бүгін Лисаков ОКЖ кітапханашылары өздерінің жетістіктерімен және жаңа идеяларымен бөлісті.

Лисаков ОКЖ 4 кітапхананы: 2 филиалды және қалалық орталық кітапхана мен орталық бабалар кітапханасын біріктіреді. ОКЖ жұмыстарын облыс көлеміндегі әріптестеріне көрсету үшін лисаковтық кітапханашыларға олардың оқырмандары белсенді көмектесті.  ОКЖ қызметкерлері қала бойынша бейнеэкскурсия өткізді, оның тарихы туралы, қаланың қазіргі кездегі дамуы туралы әңгімелеп берді. Қаланың ОКЖ барлық кітапханаларының жұмыстарымен таныстырып, олардың әрқайсысының өзіндік ерекшеліктеріне тоқталды.

 «Лисаковск в лицах» тақырыбымен танымал тұлғалармен болған кездесу шынайы қызығушылық тудырды. Оған РИИ қашықтан білім беру технологиялары және көпшілік ашық онлайн курстар орталығының басшысы Лилия Гербертовна Лескова,  РИИ  ҚББТжКАОКО жүйе әкімшісі Әділбек Әділбекұлы Мұқымов, № 2 мектептің тарих пәнінің мұғалімі Мария Әубәкірқызы Баяхметова, АТФ банкінің ОББ бөлім басшысы Вадим Викторович Мастилин қатысты.

 «Поэты Лисаковска о городе» әдеби әңгімесіне Надежда Васильевна Рудь, Әділбек Әділбекұлы Мұқымов, Еркегүл Мұхтарова қатысты.

Лисаков қ. ОКЖ кейін эстафетаны Рудный ОКЖ әріптестерміз жалғастыратын болады.

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ