Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Қазақстан композиторларының шығармашылық портреттері»
08.12.2020

Құрметті оқырмандар! Өнер туралы әдебиеттер бөлімі назарларыңызға «Қазақстан композиторларының шығармашылық портреттері» кітабының тұсаукесерін ұсынады. Кітап Қазақстанның танымал композиторларының өмірі мен шығармашылығына арналған. 3 томдық мақалалар жинағына республиканың музыкалық мәдениетінің қалыптасуы мен дамуында маңызды рөл атқарған әр ұрпақтың алпыстан астам кәсіби композиторлары туралы очерктер енгізілген.  Қазіргі кезеңде кәсіби музыканың қазақ халық дәстүрлерімен көп деңгейлі байланысын жемісті түрде дамытып келе жатқан музыкатанушы-ғалымдардың тұтас шоғыры пайда болды. Ұсынылып отырылған басылым барлық шығармашылық қауым өкілдеріне, олардың талантын сүйетіндерге арналған. Жинақтың материалдары музыкалық білім беру жүйесінің әртүрлі бөлімдерінде қолданылуы, ғылыми-зерттеу, оқу-педагогикалық және білім беру қызметінде сұранысқа ие болуы мүмкін.

Қарау үшін сілтеме бойынша өтіңіздер: https://www.youtube.com/watch?v=d7j8uhO6XP4


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ