Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
ҚҰЖАТТАРДЫ ЭЛЕКТРОНДЫ ЖЕТКІЗУ
02.02.2021

Құрметті пайданушылар! 

Л. Н. Толстой ат. Қостанай ОӘҒК құжаттарды электронды жеткізуді жүзеге асырады.

Сіздер Л. Н. Толстой ат. ҚОӘҒК және Қазақстан мен Ресейдің басқа кітапханаларының қорларындағы басылған құжаттардың электронды көшірмелеріне тапсырыс бере аласыздар.  

Келесідей материалдарға тапсырыс беруге болады:

•  жинақтар мен мерзімді басылымдарда жарияланған мақалалар;

• кітаптардың (оқу-әдістемелік құралдарының, монографиялардың, анықтамалықтардың және т.б.) үзінділері;

•  авторефераттар мен диссертациялардың үзінділері.

Өзіңізді қызықтыратын құжаттардың библиографиялық мәліметтерін кітапхананың электронды каталогының көмегімен анықтауға болады.

Тапсырыстар 1 және 5 жұмыс күні ішінде орындалады.

Тапсырыстар:

–                   e-mail: kst.tolstovka@mail.ru бойынша;

–          Л. Н. Толстой ат. ОӘҒК сайтындаwwwkstounb.kz/ru/edd;

– ақпараттық-библиографиялық қамтамасыз ету бөлімінде; 

– 500-390 телефоны арқылы қабылданады.   

Кітаптардың электронды көшірмелері Қазақстан Республикасының «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» (ІІ тарау. 18 б. 2 т.) заңына сәйкес орындалады. 

Құжаттарды электронды жеткізу қызметінің жұмысы ақылы болып табылады.

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ