Әмбебап оқу залында ақын және жыршы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналған «Жамбыл Жабаев – ұлы дала ақыны» атты кітап көрмесі жұмыс істеп тұр.
Көрмеге халық ақынының шығармашылық бейнесін көрсететін шығармалары, жырлары мен дастандары қойылған. Жамбыл – қазақтың суырып салма өнерінің үздік шебері.
Көрмемен танысқан оқырмандар Жамбыл Жабаевтың поэтикалық дарыны, оның өмірі мен шығармашылығы, қазақ болмысының екі дәуірін қамтыған поэзиясы туралы толық мағлұмат алады.