Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Біртұтас ел болу – тағдырдың жазуы»
26.03.2021
Құрметті оқырмандар! 

Өлкетану әдебиеттері бөлімі назарларыңызға «Біртұтас ел болу – тағдырдың жазуы» тақырыбымен өңіріміздің жас, білімді, қызықты, шығармашыл және табысты адамдарымен болатын  сұхбат-кездесулер циклін ұсынады. 2021 жыл елеулі оқиғамен – Тәуелсіздігімізді жариялағанымызға 30 жыл толуымен есте қалмақ. Қазақстан – қазіргі кезде тәуелсіз, демократиялық және құқықтық мемлекет. Өз елімен бірге қазақстандықтардың жас ұрпағы да өсіп келеді. Біздің мемлекетіміздің болашағы солардың қолында. Біздің кейіпкерлеріміз сан алуан, бірақ барлығын бір нәрсе: отаншылдық, өз Отанына деген сүйіспеншілік пен құрмет сезімі біріктіреді.

Таныс болыңыздар! Анастасия Серикова – тәуелсіз Қазақстанның қазіргі жастарының жарқын өкілі. Жігерлі, белсенді, керемет талантты, жұртқа жаны ашып тұратын және ақкөңіл жан! Ол балаларға арналған «StarKids» актерлік шеберлік мектебінің негізін қалаушы және жетекшісі, бір мезгілде «Qostanai» телеарнасында редактор болып істейді және «PPProduction» жаңа жобасын жүзеге асырып келеді.

Анастасия Валерьевнаның айтуынша, «PP»-ді  «дұрыс жобалар» деп түсінуге болады, яғни басты мақсаты – адамдар үшін пайдалы нәрсе жасау.

Қарау үшін сілтеме бойынша өтіңіздер: https://www.youtube.com/watch?v=wl3ODgFnuk0

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ