Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Ғашық жүрек»
15.04.2021

Құрметті оқырмандар! Өнер туралы әдебиеттер бөлімі Ұлттық ғашықтар күні қарсаңында назарларыңызға «Ғашық жүрек» музыкалық витринасының бейнешолуын ұсынады. Әлемде махаббат туралы көптеген әдемі, бірақ ғашық жүректердің қосыла алмай, ақыры қайғылы аяқталғаны туралы көптеген аңыздар бар. Осы бір үлкен, жарқын және риясыз сезімді мадақтайтын шығармаларды әр халықтан табуға болады. Ағылшындарда  «Ромео мен Джульеттаның», ирландиялықтарда  «Тристан мен Изолданың», әзірбайжандар мен ирандықтарда  «Лейли мен Меджнунның», өзбектерде «Тахир мен Зухраның» тарихы бар. Бізде де осындай тарих бар – Қозы Көрпеш пен Баян Сұлудың қайғылы махаббаты туралы көне аңыз. Оның кейіпкерлері композиторларға, суретшілерге, кинематографистерге шабыт берді.

Ұсынылып отырған бейнешолуда аңыздың өзімен де, оның желісі бойынша жасалған шығармалармен де таныса аласыздар, сондай-ақ Қозы Көрпеш пен Баян Сұлудың ұлы махаббатына арналған деректі фильмнің үзінділерін көре аласыздар.

Қарау үшін сілтеме бойынша өтіңіздер:  https://www.youtube.com/watch?v=xXiO31TWdIk&t=1s


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ