Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жұмыс тобының шығармашылық және ғылыми интеллигенция өкілдерімен кездесуі
15.04.2021

15 сәуірде Л. Н. Толстой ат. Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы жанынан құрылған «Парасат жолы» орталығында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің кеңесшісі Жазира Жылқышиева мен «Парасат жолы» республикалық өңірлік орталығының басшысы Сәдібек Түгелдің зиялы қауымының өкілдерімен кездесуі болды.

Кездесуге жиналғандарды Қостанай облысы әкімінің бірінші орынбасары Ғауез Торсанұлы Нұрмұхамбетов құттықтап сөз сөйледі.

Ол облыс бойынша «Парасат жолы» орталықтарын ашудың маңыздылығын атап өтті. Орталықтардың негізінде жастардың белгілі ақындармен, жазушылармен, ғалымдармен, мемлекеттік және қоғам қайраткерлерімен кездесулері өтіп жатыр, олар әлеуметтік желілерде тікелей эфирде көрсетілуде.

Оның ой-пікірін «Парасат жолы» республикалық өңірлік орталығының басшысы Сәдібек Түгел қолдады және еліміздегі жемқорлыққа қатысты жағдайға шолу жасады.

Сөз сөйлегендер арасында «Парасат жолы» орталығының жетекшісі, жазушы, педагог Ақылбек Шаяхмет, журналист, әдебиетші, облыстық «Қостанай таңы» газетінің бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағы Қостанай облыстық филиалының басшысы Жанұзақ Аязбеков, облыстық «Аймағанбет қажы Спанұлы» мешітінің наиб имамы Дархан Манарбекұлы болды.

Кездесудің соңында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің кеңесшісі Жазира Жылқышиева мен Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының басшысы Ерлан Болатұлы Қалмақов сөз алды.

Бүгінгі кездесу «Парасат жолы» орталықтарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, адалдық пен парасаттылықты қалыптастыру жөніндегі жұмыстарының жемісті болуына үлес қосатыны сөзсіз.


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ