Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Кітапхана – отандық тәрбие беру орталығы»
20.04.2014

«Л.Н.Толстой ат. Қостанай ОӘҒК» КММ мен Ы.Алтынсарин ат. ОБЖК 2014 жылдың 20 мамырында  «Кітапхана – отандық тәрбие беру орталығы» тақырыбымен облыстық семинар өткізеді.

Семинар барысында келесідей тақырыптар қарастырылатын болады:

- Кітапхана қабырғасындағы отандық тәрбие жұмыстары;

- Кітапханадағы патриоттық тәрбие берудің түрлері мен әдістері;

- Тарихи-өлкетану порталының контентін толықтырудағы кітапхана қорларының рөлі;

- Меңдіқара және Науырзым ОКЖ патриоттық тәрбие жұмыстарының тәжірибесі. 

Семинар жұмысына Қостанай облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасы жетекшісінің орынбасары Е.Б.Қалмақов, тарих ғыл. кандидаты, А.Байтұрсынов ат. ҚМУ гуманитарлық-әлеуметтік факультеті деканының оқу істері жөніндегі орынбасары С.С.Исмаилов, облыстық мәслихаттың депутаты Е.В.Смышляева, «Костанай и костанайциы» сайтының әкімшісі А.Қозыбаев, «Қостанай таңы» облыстық газеті редакторының екінші орынбасары Ж.Т.Кәкімжанов және басқалар қатысатын болады.

Арнайы дайындалған сұхбат алаңында кәсіби пікірталас пен аталған тақырып бойынша жұмыс тәжірибелерімен алмасу болады.

Семинарға қатысушылардың назарына «ХХІ ғасырдағы отаншылдық: бұрынғы және қазіргі кездегі тәжірибелерге сүйене отырып отандық тәрбие беруді жалғастыру» атты кітапханалық көрме ұсынылады.

Л.Н.Толстой ат. ОӘҒК кітапханаларды дамыту бөлімі Ғылыми-тәжірибелік материалдар мен Отандық тәрбие беру жөніндегі көпшілік шаралардың сценарийлері атты екі жинақ дайындайды.

Патриоттық клубтардың, БАҚ өкілдерін, кітапханалардың жетекшілері мен мамандарын семинардың жұмысына қатысуға шақырамыз.

Семинар жұмысының қорытындысы бойынша материалдар жинағы шығарылатын болады.  Өткізу орны: Ы.Алтынсарин ат. ОБЖК. Семинардың басталу уақыты – сағ. 9.00.   

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus