Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
Бір ағаштың бұтақтары: Беларусь әдебиеті
01.03.2022

Құрметті оқырмандар! ТМД-ның халық шығармашылығы және мәдени мұрасы жылына орайластырылған «Бір ағаштың бұтақтары» көрмелер циклінің жалғасы ретінде Абонементтер бөлімінде 1 және 31 наурыз аралығында «Бір ағаштың бұтақтары: Беларусь әдебиеті» кітап көрмесі жұмыс істейді.

Оқырмандардың назарына Беларусь тарихы мен оның мәдени мұрасын сипаттайтын кітаптар ұсынылды. Беларусь жазушыларының тарихи шығармалары: Алес Адамовичтің «Блокадная книга», Васил Быковтың «Альпийская баллада», Светлана Алексиевичтің «Цинковые мальчики» және «Последние свидетели» кітаптары ерекше қызығушылық тудырады. Сондай-ақ Янка Купала, Виктор Карамазов, Якуб Колас, Микола Аврамчиктің поэзия жинақтары ұсынылған. Серіктес екі елдің ынтымақтастығы туралы жалпы түсінік алу үшін «Казахстан – Беларусь» әдеби альманахын ұсынамыз.

Толығырақ танысу үшін барлық тілек білдіруішілерді ұсынылған көрмені көруге шақырамыз.




ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ