Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Ауылды кітапханалық-ақпараттық қызметпен қамтамасыз етудегі үлгілі кітапхананың рөлі» тақырыбымен форсайт-семинар
01.11.2013

2013 жылдың 23 қазаны күні Л.Н.Толстой ат. ОӘҒК «Ауылды кітапханалық-ақпараттық қызметпен қамтамасыз етудегі үлгілі кітапхананың рөлі»тақырыбымен форсайт-семинар болып өтті. Семинарды жүргізген Л.Н.Толстой ат. ОӘҒК директоры   Казина Гүлжамерия Ғалиасқарқызы семинарды ашып, қатысушыларды шараның бағдарламасымен таныстырды.

ҚР Ұлттық кітапханасының ғылыми-әдістемелік бөлімінің топ жетекшісі Рақымжанова Гүлнар Торғайқызы «Ел кітапханаларының инновациялық-ақпараттық кеңістіктегі қазіргі ахуалы»  туралы әңгімеледі.

Қостанай облыстық мәдениет басқармасының бас маманы Шевко Ирина Викторовна «Үлгілі кітапхана – заманауи ақпараттық әлемге жасалған алғашқы қадам. «Ауылдық үлгілі кітапханалар» жобасы» тақырыбымен облыстың үлгілі кітапханаларының жұмысына талдау жасады.

Семинардың жұмысына ресейлік әріптестеріміз – Троицк муниципалды ауданының «Аудандық орталық кітапханасы» МКК директоры Федченко Елена Витальевна мен «Нижнесанарск ОКЖ» МКҚМ директоры Шумакова Татьяна Алексеевна қатысып, «Үлгілі кітапханалар: Челябі нұсқасы» тақырыбымен өздерінің үлгілі кітапханалар құру тәжірибелерімен бөлісті.

  Қостанай қ. ОКЖ директорының орынбасары Нұрышева Күлаш Сәндібекқызы «Ақпараттық әрекеттестік үлгісі: кітапхана – билік – тұрғын» тақырыбымен баяндама жасады.

  Қарасу ОКЖ Октябрь үлгілі кітапханасының меңгерушісі  Мұхамеджанова Райхан Серікбайқызының баяндамасы  «Үлгілі кітапханаларды ақпараттық-зияткерлік орталық ретінде дамытудың маңыздылығы» жайында болды.

Федоров ОКЖ Баннов үлгілі кітапханасының кітапханашысы Кушнерчук Светлана Михайловна «Үлгілі кітапхананың өңірдің әлеуметтік мәдениетін қалыптастырудағы рөлі» атты баяндамасында өз тәжірибесін ортаға салды.

Үлгілі кітапханаларды дамыту стратегиясы (кітапханаларды дамытудың арнайы және әлеуметтік бағдарламалары)  туралы Рудный қ. ОКЖ Қашар үлгілі кітапханасының меңгерушісі Полухина Алла Александровна айтып берді.

Семинарға қатысушыларға «Үлгілі кітапхана –  ауыл мәдениетінің тірегі» 
кітапханалық көрмесі көрсетілді.

Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасы 2012 жылдың қыркүйегі мен 2013 жылдың қыркүйегі аралығында «Мұхтар Әуезовты оқимыз» халықаралық акциясын өткізді. Акция қазақ әдебиетінің классигі, абайтанудың негізін салушы, көрнекті ғалым және педагог Мұхтар Омарханұлы Әуезовтың туғанына 115 жыл толуына орайластырылып өткізілді. Қостанай облысының кітапханалары акцияға белсенді қатысты. Акция барысында оқырмандар назарына жазушының өмірі мен шығармашылығынан ақпарат беретін көптеген шаралар ұйымдастырылды. 2013 жылдың 25 қыркүйегі күні ҚР Ұлттық кітапханасында «Мұхтар Әуезовты оқимыз» халықаралық акциясының қорытындысы шығарылды. Қостанай облысының кітапханалары екінші орынға ие болды. Семинарда облыс кітапханалары, акцияның белсенді қатысушылары марапатталып, оларға грамоталар мен кітаптар тапсырылды.

Бұдан кейін  қатысушылар Қостанай қ. ОКЖ «Южный» ҚБ, Қостанай аудандық ОКЖ Садчиков ауылдық үлгілі кітапханасын  тамашалады.

Семинар Қостанай қ. А. С. Пушкин ат. қалалық балалар үлгілі кітапханасында болған кәсіби пікірталаспен және тәжірибе алмасумен аяқталды. 

Семинар жұмысының қорытындысы бойынша материалдар жинағы шығарылатын және барлық қатысушыларға жіберілетін болады.   


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ