Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Парасат жолы»
08.12.2022

Құрметті оқырмандар! Абонементтер бөлімі «Парасат жолы» жобасы аясында филология ғылымдарының докторы, Челябі мемлекеттік университетінің Қостанай филиалының филология кафедрасының профессоры Марияш Тілеуғабылқызы Қадыралиновамен кездесу өткізді.

Кездесу қонағы парасаттылық мәдениеті туралы және сыбайлас жемқорлықтың елге тигізетін зияны жайындағы ойын ортаға салды. Марияш Тілеуғабылқызы парасаттылықтың адалдық, заңдылық, сенімділік сияқты құндылықтарды біріктіретін кешенді ұғым екеніне тоқталды және әңгіме соңында кітаптар әлі де болашақ ұрпақты рухани-адамгершілікке тәрбиелеудің маңызды құралы болып табылатынын атап өтті.

Қарау үшін сілтеме бойынша өтіңіздер:
https://www.youtube.com/watch?v=GILhj6he7K0

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ