Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Отанымның ұлымын»
19.01.2023

2023 жылдың 19 қаңтарында Көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтармен жұмыс бөлімінің Рудный қ. филиалы «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында пайдаланушылардың назарына «Отанымның ұлымын» атты безендірілмелі кітап көрмесін ұсынды.  

Көрме жерлесіміз, белгілі жазушы, драматург, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Төлен Әбдікке арналған. Безендірілмелі кітап көрмесі екі бөлімнен тұрады. «Қостанай жерінің мақтанышы» бөліміне жазушының өмірі мен шығармашылық қызметі жайындағы энциклопедиялық материалдар, өмірбаяндық анықтамалар, мерзімді басылымдардан алынған мақалалар қойылған, сондай-ақ бұл бөлім оқырманды Т. Әбдіктің «Ақиқат», «Парасат майданы» шығармаларымен таныстырады. «Туған жердің тәрбиесін көрген тұлға» бөліміне біздің өлкемізге арналған «Очерки истории Костанайской области», «Костанайская область: прошлое и настоящее» және т. б. әдебиеттер қойылған.

Көрме ағымдағы жылдың қазан айына дейін жұмыс істейді және әдебиеттердің түсуіне қарай толықтырылады.

 

 



ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ