Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Абайды тану»
19.01.2023

Құрметті оқырмандар! Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаевтың шығармашылық мұрасын, оның жас ұрпақты тәрбиелеудегі танымдық және адамгершілік маңызын дәріптеу аясында Әмбебап оқу залында Абай бұрышы ашылды.

Қазіргі таңда және барлық уақытта Абай Құнанбаевтың ойлары, адамгершілік постулаттары, өлеңдері мен поэмалары халқымыздың әдеби қазынасы және сарқылмас рухани қайнар көзі болып қала бермек. Кемеңгер Абай қазақтың әдеби тілі мен жазбаша әдебиетінің негізін қалап, жүз жылдан кейін не болатынын көрегендікпен сезінді және бүгінгі күнге дейін өзектілігін жоғалтпай келе жатқан ұлттың рухани, мәдени, адамгершілік келбетін айқындады.

Көрмеде ұсынылған әдебиеттер Абай шығармаларын, оның өмірі мен шығармашылығы туралы мемлекеттік, орыс және шетел тілдеріндегі өмірбаяндық мәліметтерді көрсетеді. Көрмеде әлемнің түрлі тілдеріне аударылған әйгілі «Қара сөздерді», ол музыка жазған өлеңдерді, халқымыздың генетикалық жадында даналықтың түйіршіктеріне айналған дастандармен танысуға болады. Абайдың арманы – бір  ұлттың ғана емес, барша адамзаттың мұратын дәріптеу.

Ұлы ойшылдың бірегей мұрасымен танысуға шақырамыз!

 




ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ