Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Әдебиет шебері»
20.01.2023

Құрметті оқырмандар! Өлкетану әдебиеттері бөлімінің сирек кітаптар мұражайы назарларыңызға француз жазушысы Стендальдың туғанына 240 жыл толуына арналған «Әдебиет шебері» атты кітап көрмесін ұсынады. Стендаль деген бүркеншік атпен көбірек танымал Бейль мырза идеялар әдебиетінің көрнекті шеберлерінің бірі болып табылады.

Бүгінгі таңда Стендаль – әлемдік әдебиеттің жұрт мойындаған классигі, оқырмандар арасындағы ең танымал жазушылардың бірі. Кітап көрмесінде француз, орыс және қазақ тілдеріндегі бірегей басылымдар ұсынылған. Олардың ішінде көзінің тірісінде жарық көрген Srendhal «La chartreuse de» (1839) басылымы, сондай-ақ Завадовская С. Ю. «Хрестоматия по французской литературе XIX века» (1980), Фрид. Я. «Стендаль» (1958), Стендаль «О любви»,Стендаль «Красное и черное» және т. б. басылымдар бар.

Көрме кітапхананың екінші қабатындағы фойеде үш ай бойы жұмыс істейді. Оқырмандарды көрмеде ұсынылған әдебиеттермен танысуға шақырамыз.




ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ