Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Мәңгілік өнер. Искусство на все времена»
13.02.2023

Л. Н. Толстой атындағы ҚОӘҒК жыл сайынғы облыстық «Мәңгілік өнер. Искусство на все времена» әдеби байқауын жариялайды. Оның мақсаты жергілікті авторлардың шығармаларын насихаттау, дарынды жастарды анықтау және қолдау, кітап оқуды насихаттау, әдебиетке деген сүйіспеншілік пен отаншылдықты тәрбиелеу болып табылады.

Байқауға 15 жастан асқан авторлар қатыса алады. Байқау жұмыстары 2023 жылғы 15 қазанға дейін (қоса алғанда) мемлекеттік және орыс тілдерінде қабылданады. Көлемі: проза (эссе, очерк, әңгіме) А4 нысандағы 6 беттен аспауы тиіс;  өлеңдер топтамасы 120 жолдан аспауы тиіс; поэма 150 жолдан аспауы тиіс.

Дәстүр бойынша үздік туындылар кітапхана шығаратын «Әдеби Қостанай» альманахына енгізіледі. Жеңімпаздар мен лауреаттарды дипломдар мен естелік сыйлықтар күтеді.

Байқау шарттары туралы толығырақ 500–322 телефоны арқылы білуге болады. Әдеби шығармаларыңызды Өлкетану әдебиеттері бөліміне әкеліңіздер немесе e-mail: lit-center2@mail.kz жіберіңіздер.


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ