Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Ақкөлде туған академик»
15.02.2023

   Өлкетану әдебиеттері бөлімінде ғалым-экономист, жоғары мектеп пен ғылымның көрнекті ұйымдастырушысы, Қазақстан Республикасының белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Кенжеғали Сағадиевтің туғанына 85 жыл толуына арналған «Ақкөлде туған академик» атты кітап көрмесі жұмыс істей бастады.

   Кенжеғали Сағадиев Қазақстан Республикасының экономикасын зерделеуге және жетілдіруге баға жетпес үлес қосты. Оның ғалым және көшбасшы ретіндегі еңбек жолы – жастар үшін көрнекті өнеге. Ол көптеген мемлекеттік медальдармен және ордендермен марапатталды. 445-тен астам ғылыми еңбектердің, оның ішінде 20-дан астам монографиялар мен оқулықтардың авторы.

   Көрмеде Кенжеғали Сағадиевтің кітаптары, еңбектері, мақалалары мен ғылыми жұмыстары ғана емес, сонымен қатар оның замандастарының, шәкірттерінің, туыстары мен жақындарының естеліктері де қойылған. «Өнегелі өмір» сериясы бойынша шығарылған  «Кенжеғали Сағадиев» кітабы ерекше назар аударуға лайық. Академиктің өскелең ұрпаққа үлгі боларлық өмірімен, атқарған түрлі қызметімен танысу оның ғылым мен мәдениетке зор үлес қосқанын сезінуге көмектеседі.


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ