Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Мемлекет мүддесі бәрінен биік»
12.05.2023

Абонементтер бөлімінде Қазақстан Республикасының Президенті Қ. К. Тоқаевтың 70 жылдығына арналған «Мемлекет мүддесі бәрінен биік» атты кітап көрмесі безендірілді. Көрменің көрнекті жеріне Қазақстан Республикасы Президентінің таңдаулы еңбектері, баяндамаларының жинақтары, сұхбаттары және   «Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу», «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» мақалалары қойылған. Келесі «Он делает историю», «Свет и тень», «Векторы внешней политики. Восточное направление» басылымдары оқырмандарды қазіргі Қазақстанның дамуы туралы тұтас түсінік беретін мемлекет басшысының кітаптарымен таныстырады.Оның сыртқы саясат пен дипломатия туралы «Дипломатическая служба Республики Казахстан», «Очерки дипломата. Преодоление», «Очерки дипломата. Под стягом независимости»еңбектері үлкен қызығушылық тудырады. Р. Мұқанованың «Шығармалары», Б. Рамазанованың «Исторические встречи» кітаптарынан оқырман авторлардың мемлекет басшысымен болған кездесулерден алған әсерлерімен және ойларымен танысады. QR-кодтарын қолдана отырып оқырмандар осы көрмені толықтыратын бірқатар бейнелерді: «Кто такой Касым-Жомарт Токаев?», «10 фактов о Касым-Жомарт Токаеве», «Касым-Жомарт Токаев стал Президентом. Как это было» онлайн режімінде көре алады.

Барлығыңызды 2023 ж. 11.05. – 30.05. аралығында Абонементтер бөлімінде жұмыс істейтін көрмеге қатысуға шақырамыз.



ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ