Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
Экскурсия
20.06.2023

19 маусымда кітапханаға «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының курс тыңдаушылары келді.

 Қала және облыс мектептерінің мұғалімдері үшін шолу экскурсиясы өткізілді. Кітапхана қызметкерлері кітапхананың құрылымы, пайдалану ережелері, кітап қоры және қолда бар электрондық ресурстар туралы айтып беріп, анықтамалық-іздестіру аппаратымен, кітап қорымен, тақырыптық сөрелермен және кітап көрмелерімен таныстырды.

 Қонақтар сирек кітаптар мұражайы мен Америка бұрышында болды, оның қорлары мен іс-шаралары қонақтарды таң қалдырды және кітапханаға келуге деген ниетін тудырды. Ақпараттық-библиографиялық қамтамасыз ету бөлімі кітапхананың баспа жұмысымен таныстырып, техника көрмесімен қызығушылықтарын оятты. Абонементтер бөлімі мен білімнің түрлі салаларына қатысты кітаптар келуішілердің қызығушылығын тудырды. Келушілер жаңа басылымдар туралы, қазақ тіліндегі салалық әдебиет туралы, сондай-ақ педагогика бойынша кітаптармен және балалар әдебиетімен толықтырудың барысы туралы сұрақтар қойды. Соңында мазмұнды экскурсия үшін алғыс білдірді.



ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ