Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Гендерлік теңдік – дамыған қоғамның кепілі»
03.07.2023

Құрметті оқырмандар! Әмбебап оқу залында «Гендерлік теңдік – дамыған қоғамның кепілі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Көрмеде Қазақстан Республикасында гендерлік теңдік стратегиясын дамыту жайындағы, гендерлік теңгерімге қол жеткізу және әйелдердің елдің саяси, экономикалық және әлеуметтік өміріне белсенді қатысуы үшін тең мүмкіндіктер жасау туралы материалдар қамтылған.

Америкалық психолог Шон Меган Берннің «Гендерная психология» кітабынан оқырмандар «Отбасылық міндеттерді бөлу неліктен өзгеруі керек?», «Қайсысы және несімен қабілетті: әйелдер ме, ерлер ме?», «Әйел мен ерлердің дәстүрлі рөлдеріне қандай шектеулер қойылуы керек?», «Неліктен әйелге жалақы аз төленеді?» секілді сұрақтарға жауап алады.

Ғылыми психологияға қызығушылық танытатын оқырмандар үшін гендерлік психология бойынша кітаптар ұсынылған.

Көрме ағымдағы жылдың соңына дейін жұмыс істейтін болады.


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ