Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
"Mix of talented people " облыстық ағылшын тілі әндері фестиваль-байқауы
16.05.2014
16 мамыр күні «Америка бұрыштары мен мәдени орталықтарының» 5 жылдығына арналған "Mix of talented people" (Таланттар тартуы) тақырыбымен ағылшын тілі әнінің фестиваль-байқауы болып өтті. Аталған шараны Л.Н.Толстой ат. ОӘҒК жүзеге асырып келеді.
"Mix of talented people" Жастар бастамасының орталығымен бірлесе ұйымдастырылуын 2014 жылдың ерекшелігі ретінде атауға болады. Ұйымдастыру комитетін Америка бұрышының еріктілері іріктеді.
Фестиваль-байқауға қатысуға Қостанай қ. мен Әулиекөл ауданының 52 адамы тілек білдірді. Алғашқы іріктеуден кейін байқауға дуэттен, ансамбльден және жеке дауыстан тұратын 28 номер таңдап алынды.
Шара қалалық Мәдениет және демалыс бағындағы концерт алаңында қазақ биімен және шашуымен ашылып, үш тілде жүргізілді. Фестиваль-байқауға қатысушылар мен көрермендерді облыстық кітапхана директоры Г.Казина мен Жастар бастамасының орталығының директоры Т.Шүкенов құттықтады. Қостанайдың құбылмалы климаты фестивальдың барысына бірқатар өзгерістер енгізіп, шара Л.Толстой ат. облыстық кітапхананың концерт залында жалғастырылды. Қатысушылар фонограмманың, гитараның сүйемелдеуімен түрлі жанрдағы әндерді орындады. Қазылар алқасының құрамына Америка бұрышының үйлестурішісі Елена Редькина, Қазақстандағы АҚШ елшілігінің халықаралық мәдениет алмасу бағдарламаларына қатысушылар Кэролайн Барроу мен Элизабет Дженкинс, Жастар бастамасының орталығының өкілі Жанна Тынымбаева, төраға Владимир Алексанин кірді.
Байқау қорытындысы бойынша номинациялардың келесідей жеңімпаздары анықталды:
«Жеке дауыс»:
1-ші орын - Ли Юрий
2-ші орын – Искакова Сания
3-ші орын - Нугманова Джамиля
4-ші орын - Уварова Анна
5-ші орын – Казбекова Махаббат
«Үздік дуэт» - Тулегенова Аружан және Крылова Лера
«Үздік трио» - Пермякова Екатерина, Лямкина Анастасия, Григоренко Маргарита
«Шебер» - Матвеева Анастасия, Васильева Ольга
«Жас талант» - Тормышева Дарья
«Қазылар алқасының арнайы сыйлығы» - Фисенко Анна
Жеңімпаздарға кубоктар мен дипломдар табыс етіліп, барлық Фестиваль-байқауға қатысушыларға сертификаттар таратылды.
Қазылар алқасы кеңесіп жатқанда, еріктілер мен Америка бұрышының Балалар клубына қатысушылар өз билерімен көрермендердің көңілін көтерісті. Америка бұрышының үйлестірушісі Татьяна Зуева белсенді еріктілерге Астанадағы АҚШ елшілігі ұсынған сертификаттарды тапсырды, ал Америка бұрышында тәжірибеден өтіп жатқан Қостанай гуманитарлық колледжінің студенттері оны атаулы күнімен құттықтап, оған естелік сыйлықты табыс етті.
Барлығы 230 қатысушы мен көрермен жиналды.
Феситваль жайындағы ақпаратты «Наша газета» газетінің http://www.ng.kz/modules/news/article.php?storyid=15112#.U3hI6NJ_vaQ сайтынан, «ВКонтакте» және «Facebook» әлеуметтік желілеріндегі Қостанайлық Америка бұрышының беттерінен алуға болады.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus