Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
Кітапханашылар мерекесі
21.05.2014

21.05 жиналыс залында Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне арналған «Волондтың кітапханалық балы» болып өтті. Кездесу «Толстовка таңы осылай басталады» электронды көрсетілімімен басталды.
М.Булгаковтың «Шебер мен Маргарита» романының кейіпкерлері – Волонд, Мысық, Коровьев пен Азазело театрландырылған қойылымда барлық кітапханашылар мен кейбір әдеби кейіпкерлерді балға қатысуға шақырды. Баршаға танымал ертегі кейіпкерлері: патша мен патшайым, өзінің мейірімді әпкесімен бірге келген Золушка кітапханашы мамандығына таңданыстарын білдірісіп, жиналғандарға кітапхананың әр адамның өмірінде алар маңызын естеріне салды.
Әріптестерін мерекелерімен құттықтаған кітапхана директоры Г.Ғ.Казина «Толстовканың қала мен облыстың мәдени өміріне елеулі үлес қосып отырғандығын, бұл мерекенің мәдениет пен өнер қызметкерлеріне көрсетіліп отырылған құрмет екендігін» атап өтті. Сондай-ақ ол кітапхана ісінің ардагері Надежда Васильевна Ложкинаның кеудесіне кешігіп келген ҚР «Мәдениет саласының үздігі» омырау белгісін қадады.
Сонымен қатар осы күні ұзақ жылғы адал еңбектері үшін КСБ меңгерушісі И.Г.Нагалюкке облыс әкімінің грамотасы тапсырылса, КБЖБ меңгерушісі Д.А.Дәуренбековаға, ОЗБ кітапханашысы Н.П.Поздняковаға, ӨБ меңгерушісі Л.Ж.Төлековаға, ҚТӘБ кітапханашысы З.С.Смағұловаға, ұлттық-өлкетану библиографиясының сектор меңгерушісі Ж.С.Намға, КДБ аға кеңесшісі Г.А.Бурцеваға, ақпараттық қызмет көрсету секторының меңгерушісі Н.И.Полееваға, мұрағат және кітапхана материалдарын қайта қалпына келтіру секторының меңгерушісі С.В.Гусеваға Мәдениет басқармасының грамоталары табыс етілді.
Кәсіби ойындар мен викториналарға қатысқан кітапхана қызметкерлері өздерінің білімдері мен кәсіби біліктіліктерін көрсетті.
Эльвира Сапабекованың орындауындағы ән барлық жиналғандар үшін тамаша тарту болды.



ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ