Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Талант тағылымы»
04.09.2023
Абонементтер бөлімінде белгілі қазақстандық жазушы, драматург Әкім Таразидің 90 жылдығына арналған «Талант тағылымы» кітап көрмесі рәсімделді.
Көрменің көрнекті жеріне қойылған кітаптар автордың таңдаулы романдары, повестері мен публицистикалық мақалалары жинақталған «Шығармалары» атты көп томдық басылым болды.
Көрмеде туған халқының тағдырын бейнелейтін және жазушының шығармашылығын ашатын мерейтой иесінің «Тасжарған», «Мұстафа Шоқай», «Жолы болғыш жігіт», «Тәж», «В тени протуберанца», «Колыбель для Адама» секілді шығармалары қойылған.
Көрмені Н. Я. Бичуриннің «Орта Азияны мекендеген халықтардың көне заманғы тарихы», «Мыңқолдың төрт ханы» тарихи-зерттеу еңбектерінің, Ф. Рабленің «Гаргантюа және Пантагрюэль» романының аудармалары толықтыра түседі.
Көрмені тамашалауға шақырамыз.

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ