Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
Экскурсия
27.09.2023
27 қыркүйекте А. Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ шетел тілдері факультетінің студенттері үшін кітапхана бөлімдері бойынша шолу экскурсиясы өткізілді.
Кітапхана қызметкерлері кітапхананың құрылымы, оның кітап қорын пайдалану ережелері және қолда бар электрондық ресурстар туралы айтып берді. Анықтамалық-іздеу аппаратымен, кітап қорымен және кітап көрмелерімен таныстырды.
Студенттер кітапхананың, әсіресе сирек басылымдарға қол тигізудің мүмкіндігі бар Сирек кітаптар мұражайының таңғажайып ахуалын ерекше атап өтті. Әмбебап оқу залы үлкен, әдемі, тыныш, біреудің кедергісіз отыруға, кітап оқуға, өз ойларына шомуға, ғылыми және шығармашылық тапсырмаларды орындауға мүмкіндік беретін өзінің ерекше аурасымен назар аударды. Әмбебап оқу залының «Америка бұрышы» ең жарқын әсерлер мен эмоциялар қалдырды.
Студенттер экскурсияны ұйымдастырғаны және өткізгені үшін үлкен алғыстарын білдірді!

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ