Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Қаламгер қазынасы»
28.09.2023

2023 жылғы 27 қыркүйекте Абонементтер бөлімінің қызметкерлері Қазақстандағы детективтік жанрдың негізін қалаушы, жазушы, журналист Кемел Тоқаевтың туғанына 100 жыл толуына орай ҚР ІІМ Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында «Қаламгер қазынасы» атты кездесу өткізді.

Іс-шара қонақтары ретінде қатысқан жазушы және журналист Ж. Аязбеков пен полиция полковнигі С. Насыров жазушының өмірбаяны, шығармашылық және журналистік қызметі туралы әңгімеледі. Іс-шара барысында бейнеролик көрсетіліп, Кемел Тоқаев туралы таныстырылым ұсынылды. Жазушының шығармашылығына қызығушылық танытқан оқу орнының тыңдаушылары мен курсанттары қонақтарға сұрақтар қойып, кітап көрмесімен егжей-тегжейлі танысты.

#Гидқазақстанға #ГидПоКазахстану



ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ