Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Ел бастаған көсем, сөз бастаған шешен»
02.10.2023
Құрметті оқырмандар! Әмбебап оқу залында Кіші жүз қазақтарының 1783–1797 жж. отаршылдыққа қарсы қозғалысының көшбасшысы болған Сырым Датұлының туғанына 300 жыл толуына арналған «Ел бастаған көсем, сөз бастаған шешен» атты жедел көрме рәсімделді.
Көрмеге атақты батыр туралы энциклопедиялар, жинақтар, тарихи кітаптар, көркем әдебиеттер: «Кіші жүздің билері мен батырлары», «Қазақтың алпыс батыры», «Қазақ көтерілістері», «Қазақ батырлары» және т. б. қойылды.
Батыр жайындағы ауқымды материал мақалалар, көркем шығармалар, деректі материалдар жарияланған «Сырым Датұлы» жинағында келтірілген.
Көпшілік оқырмандар үшін белгілі тарихшы М.Вяткиннің қазақ халқының ұлттық қаһарманына арналған «Батыр Сырым» атты тарихи еңбегі ұсынылған.

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ