Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Ұлттық валюта – Қазақстан тарихындағы ерекше кезең»
16.10.2023
16 қазанда Абонементтер бөлімі «Қазақстан халық банкі» АҚ Қостанай филиалының өкілдерімен Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының енгізілгеніне 30 жыл толуына арналған «Ұлттық валюта – Қазақстан тарихындағы ерекше кезең» атты кездесу өткізді.
Әңгімелесу барысында спикерлер биыл Қазақстанның жетекші банкі тарихи 100 жылдық межеден өткенін атап өтіп, жаңа банктік технологияларды үздіксіз енгізуге, банкинг спектрін кеңейтуге негізделген қызмет түрлері туралы айтып берді және банктің мерейтойы туралы фильм ұсынды. Іс-шарада таныстырылым көрсетіліп, ұлттық валюта – теңге туралы кітап көрмесі ұсынылды.
Аудитория әңгімеге белсенді қатысып, банк қызметіне қызығушылық танытты. Кездесу соңында қонақтар болашақта банкте жұмыс істегісі келетін студенттерге оқу кезеңінде не нәрсеге назар аудару керектігін, банк саласында биік мансапқа қалай жетуге болатынын айтып берді.
#Гидқазақстанға #ГидПоКазахстану

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ