Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Өтпелі кезеңнің очерктері»
16.10.2023
16 қазанда Л. Н. Толстой атындағы ҚОӘҒК қонақжайында жазушы Глеб Иванович Успенскийдің туғанына 180 жыл толуына арналған «Өтпелі кезеңнің очерктері» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Глеб Иванович Успенский – реалист жазушы, халықтық қозғалысқа жақын очерктердің, әңгімелер мен повестердің авторы. Ол «өз заманының батыры» болды. Г. И. Успенскийдің қысқаша өмірбаянының өзі күрескердің өмір тарихын, әлеуметтік маңызын, қайғылы және тағлымға толы тағдырын көрсетеді. Жазушы шығармашылығының негізгі жанры – көркемдік пен публицистиканы мүмкіндігінше жақындастыруға мүмкіндік беретін очерк. Очерктерді автор циклдарға біріктірді. Ол тек шынайы өнер мен жоғары идеяларды ұстану ғана адамды «түзетуге» қабілетті екеніне сенімді болды.
Көрмеде Г. И. Успенскийдің әр жылдары жарық көрген кітаптары, сондай-ақ оның шығармашылығына арналған мақалалар ұсынылған.

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ