Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Жауға шапқан Ақсұңқар»
06.11.2023
6 қараша күні Қазақ әдебиеті апталығы аясында Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы Омар Шипиннің «Амангелді батыр» дастанының 80 жылдығына арналған «Жауға шапқан Ақсұңқар» атты әдеби-тарихи кеш өткізді.
Іс-шараға «Амангелді» пьесасын жазған Амангелді ауданының құрметті азаматы Әбілтаев Әбдіқадыр және осы пьесада Амангелді Имановтың рөлін ойнаған І.Омаров атындағы облыстық қазақ драма театрының актері Бақытжан Құрмансейітов қатысты.
Іс-шарада қаланың белгілі жазушылары мен ақындары қазақ әдебиетінің дамуы туралы ойларын ортаға салды.
Кездесуге журналистер, «Өрлеу» БАҰО» АҚ Қостанай облысы бойынша Кәсіби даму институты» филиалы тыңдаушылары, шығармашыл зиялы қауым, қаланың орта мектептерінің оқушылары қатысты.
#Гидқазақстанға #ГидПоКазахстану

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ