Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
Экскурсия
06.11.2023
6 қарашада Өлкетану әдебиеттері бөлімінің қызметкерлері облысымыздың түпкір-түпкірінен келген мектеп кітапханашыларына егжей-тегжейлі экскурсия өткізді. Қонақтар кітапхананың әртүрлі бөлімдерімен және оларда бар ақпараттық ресурстармен танысты. Сирек кітаптар мұражайында, өнер туралы әдебиеттер бөлімінде көрсетілген бірегей қорлар, өлкетану бойынша толық мәтінді деректер базасы туралы ақпарат, сондай-ақ көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімдегі Брайль қарпімен шығарылған басылымдар экскурсанттардың ерекше қызығушылығын тудырды. Экскурсия соңында мектеп кітапханашылары ұсынылған ақпараттық ресурстарды пайдалану үшін облыстық кітапханаға тағы да келуге ниет білдірді.
#Гидқазақстанға #ГидПоКазахстану

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ