Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Кітап және қаламгер»
12.12.2023
Өлкетану әдебиеттері бөлімі кітап пен оқуды ілгерілету жобасы аясында «Кітап және қаламгер» кітап көрмесіне арналған бейнесюжеттер сериясын жалғастыруда. Бұл жолы назарларыңызға жерлесіміз, Қазақстанның халық жазушысы Иван Павлович Щеголихиннің «Снега метельные» романына жасалған шолуды ұсынамыз.
Кітап тың игеруге, Қостанай облысының тұңғыш тың игерушілерінің күрделі тағдырына арналған.
И. П. Щеголихиннің өзі романдағы кейіпкерлердің түптұлғасына айналған адамдар туралы былай дейді: «Мені жұмысқа деген құлшыныс, жанкештілік таң қалдырады, мен тіпті тәнті етеді дер едім. Мұны елеусіз қалдыруға болмайтын еді, сондықтан мен осы адамдарға, осы жерге, осы іске деген сүйіспеншілігімді мойындап, роман жаздым... Романда махаббат жайында және біз жеке бақыт деп атайтын, мен оны мәңгілік бақыт деп атағым келетін нәрселер туралы айтылады».
Ол кездегі оқиғалар қазір тарихқа айналды, бірақ сол жылдары тың төсінде орын алған қызықты, драмалық өмір қазіргі оқырманды бейжай қалдырмайды.
Қарау үшін сілтеме бойынша өтіңіздер: https://youtu.be/udEyiDKVNEI
#Гидқазақстанға #ГидПоКазахстану

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ