Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Кітап және қаламгер»: Досов Әбдірахман Серғалиұлы «Час луны»
08.01.2024
Өлкетану әдебиеттері бөлімі кітап пен кітап оқуды ілгерілету жобасы аясында жаңа жылда «Кітап және қаламгер» кітап көрмесіне арналған бейнесюжеттер сериясын жалғастыруда. Бұл жолы назарларыңызға қостанайлық белгілі ақын және аудармашы Әбдірахман Серғалиұлы Досовтың «Час луны» кітабын ұсынамыз.
Әбдірахман Серғалиұлы – ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, көптеген халықаралық, республикалық және облыстық әдеби байқаулардың жеңімпазы және лауреаты, Қостанай меценаттар клубының «Қазына» сыйлығының иегері. Әбдірахман Серғалиұлы өзіндік қолтаңбасы, ерекшелігі бар ақын ретінде ғана емес, белгілі қазақ авторларының поэтикалық, прозалық және драмалық шығармаларының аудармашысы ретінде де танымал. Ол Қостанай әдебиетіне елеулі және құнды үлес қосты, ал кітаптары кітапхана оқырмандарының сұранысына ие, оларды сүйіспеншілікпен оқиды және назардан тыс қалдырмайды.
«Час луны» жинағының әр өлеңінен ақынның сөзге деген сүйіспеншілігін көруге болады. Ал ақынның сөзін көп нәрсені – үмітті, ұмтылысты, бағалауды, жадты біріктірген уақыт деуге болады. Әбдірахман Досовтың «Час луны» жинағында ұсынылған барлық шығармасы керемет тіркестерге толы, оның өлеңдерінен өткен мен болашақ туралы толғаныс, отаншылдық пен ұлттық ерекшелік жайындағы ой аңғарылады.
Қарау үшін сілтеме бойынша өтіңіздер: https://youtu.be/gmfRdRxBsWs
#гидқазақстанға #гидпоказахстану

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ