Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Киелі Қазақстан: көне тарих айнасы»
08.01.2024
Өлкетану әдебиеттері бөлімі жаңа жылды «Киелі Қазақстан: көне тарих айнасы» атты кітап көрмесінің жұмысымен бастады. Өздеріңіз білетіндей, Қазақстанда көптеген киелі орындар бар. Олардың әрқайсысы ғасырлардың баға жетпес естеліктері болып табылады.
Кітап көрмесінде Қостанай облысының аумағында орналасқан бірегей және қызықты киелі орындар мен нысандар туралы баяндайтын энциклопедиялар, кітаптар, баспасөз клиппингтері ұсынылған. «Қазақстанның өңірлік қасиетті нысандары» кітабы ерекше назар аударады. Кітапқа өткеніміз жайлы білімімізді толықтыра түсетін, Қазақстан халқының бірлігін бекіте түсетін, азаматтық бірегейлікті нығайтуға ықпал ететін киелі орындар туралы ақпарат енгізілген.
Қостанай облысында көптеген таңғажайып, қайталанбас орындар мен нысандар бар. Бұлар Торғай петроглифтері, Қамысты бекінісі және басқа да көрнекті нысандар. Олар туралы «Сакральный Казахстан. Том 3», «Өр Торғай – ерлік мекені», «Торғай төрткүл мекен», «Қазақстанның 70 тарихи орны» кітаптарынан білуге болады. Бұл кітаптар болашақ ғылыми зерттеулер, ізденістер, жаңалықтар мен ізденістер үшін бағдар бола алады.
Құрметті оқырмандар, сіздерді Қазақстанның киелі орындары мен нысандары бойынша қызықты кітап әлеміне шақырамыз.
#гидқазақстанға #гидпоказахстану

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ