Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Мәдени мұра – халық игілігі»
12.01.2024
Абонементтер бөлімінде «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының 20 жылдығына орай «Мәдени мұра – халық игілігі» атты кітаптар коллекциясы жинастырылды.
Бұл бағдарлама бүкіл әлемге Қазақстан халқының ұлттық рухани қазынасының байлығын көрсетіп берді. Бұлар болашақ ұрпақ үшін қажетті қайталанбас басылымдар, олар Қазақстанның мәдени мұрасын зерделеуді, сақтауды және насихаттауды одан әрі дамытуға ықпал ететін халықтың баға жетпес рухани байлығы.
«Мәдени мұра – біздің баға жетпес байлығымыз» бөлімінде тарих, мәдениет, тіл білімі, фольклор, әдебиеттану, философия, педагогика, психология және басқа да білім салалары бойынша сирек кездесетін мәліметтер қамтылған кітаптар, монографиялар, оқу құралдары, тарихи құжаттар қойылған. Кітап коллекциясының «Бабалар сөзі – ұлт мәдениетінің теңдессіз мұрасы» деп аталатын келесі бөлімі қазақ фольклорының 100 томдық бай жинағын таныстырады. Жарияланған материалдар жанрлық бағыты, сюжеттері мен тақырыптары бойынша топтастырылған.
Кітап көрмесін тамашалауға шақырамыз.
#гидқазақстанға #гидпоказахстану

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ