Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Жаныңа жақын кітабыңды тап»: Герольд Бельгер «Гармония духа»
18.01.2024
Әмбебап оқу залы «Жаныңа жақын кітабыңды тап» жобасы аясында ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің «№76 мекеме» РММ қабырғасында белгілі қазақстандық аудармашы, прозашы, әдебиеттанушы Герольд Бельгердің «Гармония духа» кітабы бойынша талқылау сағатын өткізді.
Іс-шарада тыңдаушылар қазақ ауылында өскен, қазақ менталитетін бойына сіңірген, қазақ әдебиеті классиктерінің шығармаларын асқан шеберлікпен орыс тіліне аударған жазушының өмірімен және шығармашылығымен танысты.
Талқыланатын кітаптың түрлі мәдениеттердің рухани туыстығы мен бірлігі жайындағы, қазақ ауылының адамгершілік ұстанымдары жайындағы тақырыптары Отанға, ана тіліне және өз халқына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеуге ықпал етті.
Талқылау сағаты бейнетаныстырылыммен сүйемелденді.
#гидқазақстанға #гидпоказахстану

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ