Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
Кітапханадағы кездесу
24.01.2024
Өнер туралы әдебиеттер бөлімінде Қостанай қаласының «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған "балабақша-мектеп-интернат" Қостанай арнайы кешені» КММ оқушыларымен кездесу өтті.
Кездесу қаланың танымал суретшілері мен композиторларының шығармашылығымен танысуға арналды. Бөлім қызметкерлері «Живопись Казахстана» фотоальбомына енген суретшілер Г. М. Соков, Н. В. Торшин, В. Быковтың шығармашылығы туралы айтып берді.
Балаларға ертегілер, өлеңдер жазатын мұғалім, прозашы және ақын Александра Суслованың шығармашылығымен таныстырып, «Солнце на ресничках» жинағынан өлеңдер оқыды.
ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Қалибек Деріпсалдин мен қостанайлық композитор Геннадий Седовтың музыкалық шығармалары жазылған кітаптар, альбомдар, ноталар мен дискілер көрсетілді. Кездесу кітапхана бойынша жасалған экскурсиямен аяқталды.

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ