Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Балалар әлемін таңғалдырған талант»
23.02.2024
2024 жылғы 23 ақпанда Л. Н.Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының абонементтер бөлімі «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында, ақын, сценарийші, публицист, жазушы Бердібек Ысдырысұлы Соқпақбаевтың туғанына 100 жыл толуына арналған «Балалар әлемін таңғалдырған талант» атты әдеби кеш өткізді.
Шақырылған қонақтар – филология профессоры Қ. К. Есіркепова, журналист Д. Әбдібек жазушының өмірбаяны, шығармашылық және журналистік қызметі туралы айтып беріп, оның танымал шығармаларына егжей-тегжейлі тоқталды.
Іс-шарада кең көлемді кітап көрмесі ұсынылды, оның өмірі туралы таныстырыылымдар мен бейнероликтер және әйгілі «Менің атым Қожа» фильмінен үзінді көрсетілді. Бердібек Соқпақбаевтың шығармашылығына қызығушылық танытқан студенттер мен оқушылар қонақтарға өз сұрақтарын қойды. «Балалар әлемін таңғалдырған талант» әдеби кешінің мазмұны бай, танымдылығы мен ағартушылығы мол болды.
#гидқазақстанға #гидпоказахстану

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ