Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Махаббат пен сұлулық – ақындықтың арқауы»
10.04.2024
Қазақстандағы Ғашықтар күні қарсаңында Абонементтер бөлімінде «Махаббат пен сұлулық – ақындықтың арқауы» атты поэтикалық көрме-композиция дайындалды. Бұл мереке Қозы Көрпеш пен Баян сұлудың адал махаббатына арналған.
Көрмеде қазақтың дастандары мен аңыздары, «Қозы Көрпеш – Баян сұлу», «Қыз Жібек», «Ләйлі – Мәжнүн», «Қалқаман – Мамыр» жырлары, сондай-ақ әлемдік классиктер О. Хайям, Абай, Ф. Петрарка, Шәкәрім, Ж. Нәжімеденов, М. Мақатаев, М. Жәлелдің шығармалары қойылған. Көрме түрлі дәуір ақындарының ақындық дарындарының деңгейін, түрлі әсерге бөлейтін сөздің құдіретін бағалауға мүмкіндік береді. Лирикалық туындыларды Ю. Друнина, Л. Рубальская, Э. Асадов, А. Ахматова, М. Цветаеваның және тағы басқалардың махаббат туралы поэтикалық жинақтары толықтыра түседі.
Көрмеге келушілер үшін «Көрмеген кітаппен кездесу» атты тосын сый дайындалған. Көрмені тамашалауға шақырамыз.
#гидқазақстанға #гидпоказахстану

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ