Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Қазақ жерінің ұлы ғалымы»
11.04.2024
Әмбебап оқу залы көрнекті ғалым-геолог, Қазақстан Ғылым академиясының тұңғыш президенті, ғылым және қоғам қайраткері Қаныш Сәтбаевтың туғанына 125 жыл толуына арналған «Қазақ жерінің ұлы ғалымы» атты портрет кешін өткізді.
Кешке А. Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар факультеті деканының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары Жүсіпов Руслан Батырханұлы және Қостанай гуманитарлық колледжінің тарих және педагогика пәнінің оқытушысы Кенжесариева Фариза Әріпқызы қатысты.
Олар геология, минералдық ресурстарды зерттеу және игеру, Қазақстанда ғылымды дамыту мәселелері бойынша 200-ден астам ғылыми еңбек жазған Қаныш Сәтбаевтың ғылыми жетістіктері туралы айтып берді.
Қатысушы аудитория «Қаныш Сәтбаев: тұлға, патриот, ғалым» атты кітап көрмесімен танысты.
#гидқазақстанға #гидпоказахстану

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ