Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Кітапханалардың ерікті көмекшілері: волонтерлер қозғалысының қазіргі даму үлесі» (ТМД елдері кітапханаларының қатысуымен)
12.04.2024
12 сәуірде «Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы» КММ «Кітапханалардың ерікті көмекшілері: волонтерлер қозғалысының қазіргі даму үлесі» (ТМД елдері кітапханаларының қатысуымен) онлайн семинары өтті. Іс-шарада кітапханалардағы волонтерлік қозғалысты дамытудың заманауи үрдістері, сондай-ақ Қостанай облысының, Мәскеу және Санкт-Петербург (Ресей) қалаларының кітапханаларын дамытуға қосқан волонтерлердің үлесі мен тәжірибесі ұсынылды.
Семинар қатысушыларға тәжірибе алмасуға, кітапхана жұмысына ерікті көмекшілерді тартудың үздік тәжірибелері туралы білуге, сондай-ақ туындауы мүмкін мәселелер мен оларды шешу жолдарын талқылауға мүмкіндік берді. Семинарға қатысушылар өткізілген іс-шараға ризашылықтарын жеткізіп, осы саладағы ынтымақтастық пен тәжірибе алмасуды жалғастыруға ниет білдірді.

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ