Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Үш мәдениеттің майталманы»
18.10.2024
18 қазанда Әмбебап оқу залы қазақстандық аудармашы, прозашы, публицист Герольд Карлович Бельгердің 90 жылдығына арналған «Үш мәдениеттің майталманы» атты әдеби кеш өткізді.
Іс-шарада филология ғылымдарының кандидаты, «ЧелМУ» ФМБЖББМ Қостанай филиалының филология кафедрасының доценті Құсайынова Алма Мейірханқызы сөз сөйлеп, Г. К. Бельгердің әдеби шығармаларының маңыздылығын, жазушының отаншылдығын, оның Отанға деген сүйіспеншілігін атап өтті. Жазушының шығармашылық мұрасына, оның Қазақстан әдебиетінде ерекше орын алатын әйгілі әдеби шығармаларына да көп көңіл бөлінді.
Әдеби кеш кітап көрмесімен және жазушының шығармашылық мұрасы жайындағы бейнетаныстырылыммен сүйемелденді.

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ