Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
Қостанай облысы жас кітапханашыларының IV жиыны: тәжірибе алмасу, жаңа идеялар және кәсіби даму
21.10.2024
2024 жылғы 21 қазанда Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Қостанай облысы жас кітапханашыларының IV жиыны өтті. Іс-шараға облыстың барлық аудандарынан 18-35 жас аралығындағы 36 кітапханашы қатысты. Жиынның негізгі мақсаты жас мамандар арасында пайдалы пікір бөлісу, тәжірибе алмасу, жаңа идеялар мен мотивация іздеу үшін алаң құру болды.
Жиын бағдарламасы кітапханашылар мен әдіскерлердің кәсіби дағдыларын арттыруға бағытталған көптеген шеберлік сыныптары мен тренингтерді қамтыды. Іс-шараға қатысушыларды Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының басшысы Атамұратов Құралбек Бүркітбайұлы құттықтап, мұндай іс-шаралардың жас мамандардың кәсіби өсуі және дамуы үшін маңызды екенін атап өтті.
Бағдарламаның маңызды бөлігі Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасының (Астана қ.) ғылыми қызметкері Мөлдір Баймаханбетова қатысқан Mentorship-сессия болды. Оның «Жазба мұраны ғылыми айналымға енгізу» тақырыбындағы баяндамасы қатысушылар арасында үлкен қызығушылық тудырды. Сондай-ақ Назарбаев Университеті кітапханасының ғылыми зерттеулерді қолдау кеңсесінің (Астана қ.) басшысы Толқын Жанғұлова жұмыс тәжірибесімен бөлісіп, университеттік кітапханалардың дамуындағы жаңа үрдістер туралы айтып берді.
Жиынның ең жарқын сәттерінің бірі О.Бөкей атындағы орталық қалалық кітапхананың (Өскемен қ.) бұқаралық жұмыс және мәдени бағдарламалар бөлімінің меңгерушісі Руслан Бабиров өткізген «Использование нейро-фотошопа» тақырыбындағы тренинг болды. Қатысушылар кітапханалар жұмысында пайдалы болуы мүмкін жаңа технологияларды қызығушылықпен игерді.
Сондай-ақ жасанды интеллект (Роман Худяков, «Өрлеу» БАҰО Қостанай филиалы) және әлеуметтік желілерді жүргізу (Дана Тоқжанова, Қостанай облыстық жастар ресурстық орталығы) тақырыптары талқыланды. Екатеринбургтен келген психология ғылымдарының кандидаты Лариса Борисова балалар кітапханаларының меңгерушілері мен балалармен жұмыс істейтін кітапханашыларға арналған секцияда эмоционалды интеллектті дамыту құралдары мен ертегі терапиясының әдістерімен бөлісті.
Жиын шығармашылық және қызығушылық ахуалында өтті. Қатысушылар кітапхана ісіндегі жаңа үрдістер туралы біліп қана қоймай, белсенді түрде тәжірибе алмасты, әрі қарай дамуға қажетті жаңа кәсіби байланыстар мен шабыт тапты.
#гидқазақстанға #гидпоказахстану

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ