Экскурсия
08.01.2025
8 қаңтар күні Өнер туралы әдебиеттер бөлімінің қызметкерлері «Қостанай қаласы білім бөлімінің Бауыржан Момышұлы атындағы №5 жалпы білім беретін мектебі» КММ 11-ші сынып оқушыларына экскурсия өткізді.
Экскурсия барысында балалар кітапхананың жұмысымен танысып, кітапхананың мүмкіндіктері туралы білді және оның бөлімдерінде болды, «Адам еңбегімен ұлы және даңқты», «Қазақстан халқы Ассамблеясы – бірлік пен келісім үлгісі» және тағы басқа кітап көрмелеріне назар аударды.
Өлкетану әдебиеттері бөлімінде өлкетану басылымдарымен, жаңа кітаптар көрмесімен, картотека жұмысымен танысты.
@kst_5bm_mektebi