«Слабое звено»
17.01.2025
17 қаңтарда Көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтармен жұмыс бөлімінің қызметкерлері жаңа жылда алғашқы «Слабое звено» ойынын өткізді, оған көру қабілеті нашар адамдар қатысты.
Ойыншылар білімдерінің мол екенін көрсетіп қана қоймай, өздерінің ойлау жылдамдығын, зейінділігін де көрсетті. Ойын атмосферасына ене білген қатысушылар өздерінің әлеуетін толық аша алды. Әр ойын раундының соңында бір қатысушы жалпы дауыс беру арқылы жобадан кетіп отырды. Маусымның бірінші ойынының жеңімпазы Зелевский Андрей болды.