Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Халқының тарихи санасын оятқан жазушы»
20.01.2025
Құрметті оқырмандар! Әмбебап оқу залы көрнекті жазушы және Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Ілияс Есенберлиннің туғанына 110 жыл толуына арналған библиографиялық әдебиет көрсеткішін дайындады.
Библиографиялық көрсеткішке кітаптар, мерзімді басылымдардағы мақалалар және біздің кітапхана қорында бар автордың шығармалар жинағы енген.
Ұсынылған әдебиеттерде Ілияс Есенберлиннің өмірбаяны, оның қазақ әдебиетінің дамуына қосқан үлесі және тарихи мұрасы жайында айтылған. Жазушының шығармашылығы халықтың тарихи санасын қалыптастыруда маңызды рөл атқарды, ал оның шығармалары Қазақстан тарихының ерлікке толы кезеңіне деген қызығушылықты оята отырып ұлттық әдебиеттің классикасына айналды.
Қазақстанның мәдениеті мен тарихына қызығушылық танытқандарды осы бірегей көрсеткішпен танысуға және Ұлы Даланың атақты жазушыларының бірінің шығармашылығы жайында білуге шақырамыз!
Құралдың материалын төмендегі сілтеме бойынша қарауға болады: https://kstounb.kz/kz/pub/bib_iz

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыӘДІЛ ҚОҒАМ