Суретші Георгий Соковты еске алу көрмесі
23.01.2025
23 қаңтарда қостанайлық суретші Георгий Михайлович Соковты еске алуға арналған көрме ашылды. Бұл іс-шара оның талантын құрметтейтін көптеген қала жұртшылығын жинады, олардың арасында суретшінің жақын адамдары - жұбайы Валентина Георгиевна және көрмеде ұсынылған суреттерді сыйға тартқан қызы Юлия болды.
Көрмеде оның жұмыстары, сирек кездесетін мұрағат материалдары және шебердің өмірі мен шығармашылығын ашатын фотосуреттер ұсынылған.
Ашылу салтанатында суретшінің әріптестері мен жақындары, өнертанушылар оның өнер әлеміне қосқан үлесі туралы айтып беріп, жерлесіміз жайлы жылы естеліктерімен бөлісті. Іс-шараны музыкалық нөмірлер мен тақырыптық бейнематериалдар толықтырды.
Георгий Михайловичті еске алуға арналған көрме бір айға созылады.