«Ақпараттар ағымы»
28.01.2025
Құрметті оқырмандар! Ақпараттық-библиографиялық қамтамасыз ету бөлімі назарларыңызға «Ақпараттар ағымы» көрмесін ұсынады. Тақырыптық жедел ауыстырылатын сөрелер өзекті тақырыптармен, қызықты мерейтойлық оқиғалармен және аймақ тарихындағы ең маңызды күндер туралы ақпаратпен жаңартылады.
Биыл «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы қазақтың екі жазушысы мен ақыны – Тәкен Әлімқұлов пен Жұмекен Нәжімеденовтің шығармашылығына арналды.
2025 жыл қазақ халқының жарқын өкілдерінің мерейтойлық күндеріне бай. Көрнекті жерлестеріміздің мерейтойлық күндерін жариялай отырып «Ақпараттар ағымы» көрмесінде тақырыптық жедел ауыстырылатын сөрелер: дін қайраткері Марал ишан Құрманұлының туғанына 245 жыл толуына арналған «Ислам дінінің ұлы насихатшысы»,Торғай уезіндегі 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысының жетекшісі Әбдіғапар хан Жанбосынұлының туғанына 155 жыл толуына арналған «Қазақтың хас батыры», Тәтіқара ақынның туғанына 320 жыл толуына арналған «Жыр атасы – Тәтіғара жырау» рәсімделді.
Көрмеде жылдың мерейгерлері туралы өмірбаяндық материалдар, сондай-ақ қазақ ұлттық мемлекеттілігінің тарихи тағдырын және белгілі тарихи қайраткерлердің өңірдің дамуына қосқан үлесін бейнелейтін әдебиеттер ұсынылған. Кітап көрмесі жыл бойы жұмыс істейді. Баршаңызды көрмемен танысуға шақырамыз.