«Гагарин: Первый в космосе»
13.02.2025
12 ақпанда кітапхананың жиналыс залында «Байқоңыр» ғарыш айлағының 70 жылдығына орай тифлотүсініктемесі бар «Гагарин: Первый в космосе» фильмінің көрсетілімі өтті.
Байқоңыр – әлемдегі ең ірі жұмыс істеп тұрған ғарыш айлағы. Дәл осы жерден 1961 жылы 12 сәуірде қазіргі кезде «Гагарин старты» деп аталатын №1 алаңнан бортында бірінші ғарышкер Юрий Гагарин бар «Восток-1» кемесі ғарышқа аттанды.
Көрермендер алғашқы ғарышкерлер туралы, олардың ғарышқа алғашқы шығуы туралы тарихи деректердің шынайылығы мен мұндағы сюжеттің кім-кімге де шабыт беретінін атап өтті. Өткен жылдардың дәл берілген атмосферасы көрермендерге сол кездегі оқиғалардың ортасында болуға мүмкіндік берді, ал музыка көрермендердің көңілін көтере түсті.